Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/4
«Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының хатшысын
сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 8 және 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/4 «Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының төрайымын сайлау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағындағы «хатшы» деген сөз «төрайым» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова