Шортанды аудандық мәслихатының аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ 29.12.2022 ж.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 11 (он бір) округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады.

Округтік сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия округтік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған округтік сайлау комиссияларына қатысты 2022 жылғы 30 желтоқсаннан 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) тиісті округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың аудандық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы керек.

Округтік сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Г.Ә.Сәдуақасова – Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы

Мәслихаттың орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22.

Жауапты тұлға - Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, 2 қабат, қалааралық телефон коды (871631) 2-24-30, ұялы телефоны 87014787197, электрондық пошта мекенжайы shortandy_masl@aqmola.gov.kz.

 

  

                                                             Шортанды аудандық мәслихаты

  

 

Дата публикации
29 декабря 2022