Бүгін әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес комитетімен «Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне Мониторинг жүргізу» жоспарланған іс-шарасы өткізілді. Комитет құрамына: ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Д. Кизаева, Қоғамдық кеңестің мүшелері – А. Д. Самбетова, Н. С. Машанло, Қоғамдық кеңестің хатшысы – С. С. Жакеева кірді.
Мониторинг барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына, олардың қызмет көрсету регламентіне сәйкестігіне қатысты мәселелер зерделенді, оның ішінде жүгінушілерге қызмет көрсетудегі қызметкерлердің жұмысына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, комитет ХҚКО-ның материалдық - техникалық жағдайымен танысты: ғимараттың сыртқы және ішкі жағынан тиісті түрін көрді (кабинеттердің жағдайы, стационарлық телефонның болуы және т.б.). Сонымен қатар, қызметкерлермен әңгіме жүргізілді және аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсету бойынша алдағы жоспарлар талқыланды. Барлық ұсыныстар мен ескертулер ұсынымдарда көрініс табады және Қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес ағымдағы айда жоғарыда көрсетілген тақырыпқа қатысты қоғамдық кеңестің тыңдаулары өтеді.
