Бүгін Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық кеңестер апталығын өткізу аясында «Аманат» партиясы филиалында А.И. Доброскоктың төрағалығымен «Дәрілік препараттардың бағасы және олардың азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін болуы, тегін қызметтерді қоса алғанда, медициналық қызметтердің түрлері мен сапасы туралы» мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданады.
