Мониторинг жүргізілді

Бүгін Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық кеңестер апталығын өткізу аясында Қоғамдық кеңес мүшелері «Облыстық маңызы бар Жолымбет-Шортанды-Пригородное» көлік жолының учаскесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу сапасына» мониторинг өткізілді.
2020 жылы «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасы» ММ облыстық маңызы бар Жолымбет-Шортанды-Пригородное автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттама әзірленді.
Мониторингтік топ құрамында: ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Т.Д. Қизаева, Қоғамдық кеңес мүшелері – Е. Д. Жапаров, А. Д. Самбетова, Қоғамдық кеңесінің хатшысы – С. С. Жакеева және қоғамдық пікір көшбасшылары.
Мониторинг барысында облыстық маңызы бар Жолымбет-Шортанды-Пригородное автомобиль жолының учаскесін жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты мәселелер зерделенді, оның ішінде жөнделген жол учаскесінің деңгейіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар,"Көкшетау Жолдары" ЖШС мердігер ұйымының өкілімен кездесіп, жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.

 

 

Дата публикации
24 августа 2022