Бүгін Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық кеңестер апталығын өткізу аясында «Аманат» партиясы филиалында А.И. Доброскоктың төрағалығымен «Шортанды ауданының елді мекендерін, ҚТҚ полигондарын абаттандыру және санитарлық тазарту туралы», «Жер учаскелерін беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықты сақтау туралы» мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданады.
