Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін аудандық мәслихатта А. И. Доброскоктың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы» басшысының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының» бас маманы, Шортанды ауданы әкімінің орынбасарлары, «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы және дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «Мемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы Зуева Ю. сөз сөйледі.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді.

Күн тәртібі мәселесі бойынша тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.

Дата публикации
09 декабря 2022