Шортанды ауданы құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

 

03.10.2022 ж.

 

Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі «Шортанды ауданы құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы» мәселесі бойынша Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ басшысының ақпараттарын  тыңдап және талқылап ҰСЫНАДЫ:

1. Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ басшысы Риб Владимир Юрьевичтің Шортанды ауданы құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ ұсынылсын:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;

- «Құрылыс бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және барлық құқық бұзушылық нормаларына "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;

- әлеуметтік желілерде және БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 4 қарашасына дейін беруіңізді сұраймыз.

 

 

Шортанды аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                                 А. Доброскок

Дата публикации
09 января 2023