Мектептегі және мектепке дейінгі мекемелердегі өрт қауіпсіздігіннің жағдайы және жақсарту шаралары туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

03.10.2022 ж.

 

Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі «Мектептегі және мектепке дейінгі мекемелердегі  өрт қауіпсіздігіннің жағдайы және жақсарту шаралары туралы» мәселесі бойынша Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы
ақпаратын  тыңдап және талқылап ҰСЫНАДЫ:

1. Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы Ахметова Шолпан Хасенқызының мектептегі және мектепке дейінгі мекемелердегі  өрт қауіпсіздігіннің жағдайы және жақсарту шаралары туралы ақпараты назарға алынсын.

2. Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша«Білім бөлімі» ММ ұсынылсын:

- бірлесіп әкімшілік қызметкерлермен де, балалармен де алдын-алу жұмыстарын күшейтіп, оқу орындарына өрт қауіпсіздігінің стенділері мен бұрыштарын жобалауда өртке қарсы тақырыптар бойынша материалдарды таңдауда, өрт анықталғандағы іс-қимыл реті, күнделікті өмірде және мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібі, балалардың сіріңкелермен ойнауы және басқа да себептер тақырыптары бойынша парақшалар мен парақтар үлгілерін ұсынуда тиісті әдістемелік көмек көрсету ұсынылсын;

- округтің барлық оқу орындарында өрт қауіпсіздігінің нормалары

мен ережелерін қатаң сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, осыған байланысты басқарылатын білім беру мекемелердің басшыларынан басқарылатын нысандарда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы сақтауды талап ету;

- білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіз орналасуын қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында басшыларды Төтенше жағдайлар комитетінің «Оқу орындарындағы тәрбиеленушілер мен оқушылардың қауіпсіз орналасуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарымен» таныстыру;

- оқу жылының басында оқу орындарын дайындауға және осы объектілерді өртке қарсы жағдайға дұрыс келтіруге бағытталған ұйымдастырушылық шаралардың кешенін тұрақты негізде әзірлеу.

3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 4 қарашаға дейін ұсынуды сұраймыз.

 

 

Шортанды аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                              А. Доброскок

 

Дата публикации
09 января 2023