2022-2023 жылдары Шортанды ауданының мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

05.08.2022 ж.

 

Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі «2022-2023 жылдары Шортанды ауданының мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» мәселесі бойынша Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы
ақпаратын  тыңдап және талқылап ҰСЫНАДЫ:

1. Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы Ахметова шолпан Хасенқызың «2022-2023 жылдары Шортанды ауданының мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпараты назарға алынсын.

2. Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ ұсынылсын:

- білім беру мазмұнына, оқу процесіне, мектепті басқаруға және тәрбие жұмысына ерекше назар аударуды жалғастыру;

- білім беру мекемелеріне сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бақылау жасау;

- білім беру ұйымдарында буллингті/кибербуллингті болдырмау мақсатында білім алушылар арасында оң өзара қарым-қатынасты жәрдемдесуге және дамытуға жалпы мектептік тәсілді енгізу;

- 2022-2023 оқу жылына әрбір мектептің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- 2022 жылға арналған күрделі жөндеу жобаларының жоспарына енгізу үшін «Научный кенті жалпы білім беретін орта мектебі» КММ күрделі жөндеу бойынша даму барысының динамикасын бақылау.

3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 5 қыркүйекке   дейін ұсынуды сұраймыз.

 

 

Шортанды аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                              А. Доброскок

 

Дата публикации
09 января 2023