Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

27.07.2022 ж.

 

Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау туралы» мәселесі бойынша Шортанды ауданының «Ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы ақпаратын  тыңдап және талқылап ҰСЫНАДЫ:

1. Шортанды ауданының «Ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы Жапаров Ерболат Дәуренұлының «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының «Ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ұсынылсын:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;

- Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық нормаларына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;

- әлеуметтік желілер мен БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

- жаңадан қабылданатын қызметкерлердің жария етуші мәліметтерге тексеру жүргізу бөлігінде персоналды басқару қызметінің жұмыс деңгейін арттыру, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, мемлекеттік қызметте қабылданған шектеулерді сақтау.

3. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін ұсынуды сұраймыз.

        

 

Шортанды аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                              А. Доброскок

 

Дата публикации
09 января 2023