ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
31.03.2021 ж.
Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесі «Шортанды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Қ.А. Төлеуғазиннің, «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары Р. Б. Иманбаеваның «Шортанды ауданындағы коронавирустық инфекция (КВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі туралы» ҰСЫНАДЫ:
1. «Шортанды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Қ. А. Төлеуғазиннің, ШЖҚ «Шортанды аудандық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары Р. Б. Иманбаеваның ақпараты назарға алынсын.
2. Ұсынылсын:
- «Шортанды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Басқармасы бірлесіп» РММ, Шортанды аудандық полиция бөлімімен тұрақты негізде Ақмола облысы бойынша бас санитарлық дәрігерінің № 11 "3" наурыз 2021 жылғы Қаулысының талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін;
- Жергілікті атқарушы органдар «Шортанды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ және ШЖҚ «Шортанды аудандық ауруханасы» МКК бірлесіп:
- аудан тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың тиімділігі туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету;
- эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған халықпен байланысы бар қызметкерлердің, білім беру, денсаулық сақтау, басқа да санаттағы адамдардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше бақылау қажеттілігін қамтамасыз ету;
- Covid-19-ға күдікті науқас анықталған жағдайда жедел медициналық көмек персоналының іс-қимыл алгоритімін қайта қарау және олардың барлық жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
- санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік топтың жұмысын күшейту;
- CОVID -19-ға күдікті науқастарды емдеуге жатқызу үшін қосымша палаталармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды қажетті санитарлық, медициналық препараттармен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару;
- арақашықтықты сақтауға байланысты неғұрлым қатаң шаралар қабылдау бойынша бақылауды күшейту, күту залдарындағы орындарының санын қысқарту;
- ауданның барлық мекемелерінде жаңа коронавирустық инфекцияның қаупін азайту бойынша бақылауды күшейту.
Шортанды ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы Т. Кизаева