Дамса ауылдық округі мен Бозайғыр ауылдық округінің ардагерлер ұйымдарымен, сондай-ақ қарт адамдардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік мекемелермен бірлескен жұмысы туралы

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

                                                                                                   

  25.02.2021 ж.

 

 

Шортанды ауданының қоғамдық кеңесі Дамса ауылдық округінің әкімі Г.Ж.Абдрахманованың, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі Г. Т. Омарованың, Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ м.а. Б. Шадидің «Дамса ауылдық округі мен Бозайғыр ауылдық округінің ардагерлер ұйымдарымен, сондай-ақ қарт адамдардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік мекемелермен бірлескен жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап:

1. Дамса ауылдық округінің әкімі Г.Ж. Әбдірахманованың, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі Г.Т.Омарованың, Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ м.а. Б. Шадидің ақпараты назарға алынсын.

2. Ұсынылсын:

- Дамса ауылдық округінің әкімдігі, Бозайғыр ауылдық округі ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп, қарт адамдардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жандандырсын. Еңбек ардагерлерінің, мүгедектердің материалдық жағдайына және тұрғын үй жағдайына мерзімді комиссиялық тексеру жүргізіп, әрбір зейнеткер туралы есептік ақпараты болу;

- Тыл еңбеккерлерінің, жалғызілікті және жалғыз тұратын еңбек ардагерлерінің мұқтаждарына ерекше назар аудару қарттар айлығымен шектелмей, тұрақты негізде қолдау көрсету;

- Мұқтаж зейнеткерлерге қажетті көмек көрсету үшін ауылдық округтердің аумағында орналасқан кәсіпорындарды, коммерциялық құрылымдарды тарту бойынша ұйымдастырушылық жұмысты күшейту;

-  Ардагерлердің бос уақытын ұйымдастыруға назар аудару, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау, патриоттық және азаматтық тәрбие бойынша жастармен жұмысты ұйымдастыру.

 

 

Шортанды ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                                 Т. Кизаева

 

 

Шортанды ауданы

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                               С. Әкімжанова

Дата публикации
09 января 2023