Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 22 қазан № 14 Шортанды к.
Тұрақты комиссияның 2021 жылғы 13 тамыздағы № 13
«Шортанды ауданы объектілерінің жылу беру маусымына
дайындық барысы туралы» қаулысын іске асыру барысы туралы
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. А. Керімбаевтың «Тұрақты комиссияның 2021 жылғы 13 тамыздағы № 13 «Шортанды ауданы объектілерінің жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» қаулысын іске асыру барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. А. Керімбаевтың «Тұрақты комиссияның 2021 жылғы 13 тамыздағы № 13 «Шортанды ауданы объектілерінің жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» қаулысын іске асыру барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (А. А. Керімбаев) ұсынылсын:
- алдыңғы жылыту маусымында анықталған кемшіліктерге, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды орындауға тұрақты негізде талдау жүргізсін;
- жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлеп, қаржыландыру мәселелерін шешу және мердігер ұйымдармен шарттар жасап, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізсін;
- жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде қажетті жұмыстарды жүргізсін, оның ішінде қазандықтарды, ыдыстарды, құбырларды тексерсін және сынасын;
- инженерлік желілерде, оның ішінде реконструкциялауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге, сынауға және жууға байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын;
- ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің)ішіндегі инженерлік жүйелердің жабдықтарының алдын алу, жөндеу және ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша ұйым басшыларымен және МИБ төрағаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- технологиялық аварияларды жою және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі дүлей зілзалалардың салдарын жою үшін негізгі және резервтік отынның, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың авариялық қорларының нормативтік қорларын құрсын;
- жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшыларына (Ш.Х.Ахметова), «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігеріне (Н.М.Шагирова) кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне бірлесіп ұсынылсын:
- білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде температуралық режимнің сақталуына, қазандықтардың жұмысына күнделікті бақылауды тұрақты негізде жүргізсін;
- қатты отынның 2 айлық қорын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етсін.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Даитова