Шортанды кенті және Бектау ауылдық округі әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері

Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2022 жылғы 5 тамыз № 11                                                                  Шортанды к.

 

 

Шортанды кенті және

Бектау ауылдық округі әкімдерінің

атқарған жұмыстары туралы есептері

 

 

 

Шортанды кенті және Бектау ауылдық округі әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептерін депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы тыңдап және талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шортанды кентінің әкімі Ц.Мамбеттің және Бектау ауылдық округі әкімі А. Махфуздың есептері назарға алынсын.

2. Округ әкімдеріне ұсынылсын:

- депутаттардың айтылған ұсыныстарын ескере отырып, округтың экономикасын серпінді дамыту, экономикалық әлеуетін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау, осыған байланысты округті дамытудың Жол картасын әзірлеу;

- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса назар аудару;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес көздеме есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын толықтыру бойынша жұмысты жандандыру;

- жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жолға қою және өз жұмысында олардың әлеуетін кеңінен пайдалану;

- электрондық шаруашылық кітаптарын дұрыс жүргізу мақсатында үй-үйді мұқият аралау;

- барлық меншік нысандары объектілерін және оларға іргелес аумақтарды абаттандыру және тиісті эстетикалық жай-күйіне келтіру жөніндегі жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау бойынша жұмысты жалғастыру;

- округтің білім беру объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін проблемалық мәселелерді шешуге жан-жақты ықпал ету;

- «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бірлесіп округ жастарының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;

- мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Құрылыс бөлімі» ММ және «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бірлесіп осы іс-шараларды аяқтау;

- иесіз жүрген малдардың бақылаусыз жайылуын болдырмау мәселесі бойынша халық арасында жүйелі түрде алдын алу жұмыстарын жүргізу;

- «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірлесіп округ тұрғындарын мал жаю үшін жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

- «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірлесіп:

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жалғастыру, сондай-ақ округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізу;

- шаруашылық субъектілерімен олардың өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;

- Шортанды ауданы ПБ ЖПҚ бөлімшесімен бірлесіп құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды күшейту.

3. Шортанды кентінің әкімі Ц.Мамбет кент тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Тұрақты комиссияның

төрайымы                                                                          Г. Даитова

 

Дата публикации
06 января 2023