Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 27 шілде № 9 Шортанды к.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі қызметі туралы
Аудан әкімінің орынбасары Т. А. Жазитовтың «Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі қызметі туралы» есебін тыңдап және талқылай келе,
Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Шортанды ауданы әкімінің аппаратымен және жергілікті атқарушы органның барлық құрылымдық бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қажетті платформа құрылғанын атап өтті.
Шортанды ауданы әкімдігінің жанында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Жыл сайын комиссияның жұмыс жоспары бекітіледі, комиссия отырыстары тоқсан сайын өткізіледі. Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған мәселелер қаралады және отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар беріледі.
Сондай-ақ, әкімдік жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық штаб құрылды. Комиссия құрамына 19 адам кіреді.
2022 жылға арналған Шортанды ауданының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының бекітілген желілік кестесіне сәйкес «Адал көмек» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының қатысуымен 10 тікелей эфир өткізілді. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының еріктілері аудан тұрғындары арасында әлеуметтік желілерде бейнероликтер көрсету, презентациялар көрсету, кітап көрмелерін, дебаттық турнирлерді, сынып сағаттарын көрсету, буклеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жадынамаларды тарату форматында 38 іс-шара өткізді (ағымдағы күнге 100-ден астам парақшалар мен буклеттер таратылды). Бұл іс - шаралар тұрақты негізде әлеуметтік желілерде және аудандық БАҚ-та жарияланады.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ақпараттық бөлімі ашылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар мен брошюралар жарияланады. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы құқықтық ақпаратқа халықтың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сайт ашық.
Аудан әкімі аппаратында апта сайын аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аудан әкімі аппаратының басшысы азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес аудан әкімі аппаратында персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысына жүктелген функцияларды орындайтын Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және басқа да тұлғаларды қабылдау жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілердің көрсетілген кезеңдерде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Ауданда мемлекеттік қызметшілерді қызметке тағайындау меритократия қағидаттарына сәйкес іске асырылады.
Құқықтық жаппай оқыту шеңберінде мемлекеттік органдардың басшыларымен қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жақын туыстарына сыйлықтар алуға толық тыйым салу мәселелері бойынша жұмыс жүргізіледі. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзуға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арыз беру тәртібі түсіндіріледі (мысалы, 2021 жылы 3 талап арыз қанағаттандырылды).
Аудан аумағында қызметтік автокөлік құралдарының пайдаланылуын бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Мемлекеттік мүлік, атап айтқанда қызметтік автокөлік тек қана қызметтік мақсаттарда пайдаланылады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2020 жылдың маусым айынан бастап Шортанды ауданы әкімі аппаратының ғимаратында бірінші қабатта «сервистік әкімдік» жұмыс істейді.
2021 жылдың ақпан айында «Адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі - «Қайырымды істер» және «Ер бауырластығы» еріктілер тобының жетекшісі Нұрсаит Машанло тағайындалды.
Шортанды ауданының мемлекеттік мекемелері халықтың ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бөлінген қаржы туралы ақпаратты ашық бюджеттердің интерактивті картасының budget.egov.kz сайтына орналастырады.
Шортанды ауданының квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын екі мемлекеттік кәсіпорында («Шортанды Су» ШЖҚ МКК, «Қайнар» спорттық-сауықтыру кешені) кәсіпорын басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді жүргізу бойынша міндеттер жүктелген.
Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 4 баннер орналастырылды. Шортанды ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 150 жарияланым орналастырылған. Аудандық «Вестник Шортанды» және «Шортанды Жаршысы» газеттерінде ағымдағы жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 7 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Президенттің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімінің орынбасары Т.А. Жазитовтың «Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық құжаттарды іске асыру және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі қызметі туралы» есебі назарға алынсын.
2. Жергілікті атқарушы органдарға ұсынылсын:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;
- Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық нормаларына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;
- әлеуметтік желілер мен БАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;
- жаңадан қабылданатын қызметкерлердің жария ететін мәліметтерге тексеру жүргізу бөлігінде персоналды басқару қызметінің жұмыс деңгейін арттыру, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, мемлекеттік қызметте қабылданған шектеулерді сақтау;
- қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бюджетке әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеуі және ауданның мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржы - шаруашылық қызметіне және шаруашылық жүргізуге және жедел басқаруға берілген, жалға алынған, өтеусіз пайдаланылатын ауданның коммуналдық меншігін тиісінше пайдалануға тиімді бақылауды жүзеге асыру.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Даитова