Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 Шортанды к.
Денсаулық сақтау саласындағы
проблемалық мәселелер және
олардың шешілу жолдары туралы
«Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің міндетін атқарушы Р. Б. Иманбаеваның «Денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер және олардың шешілу жолдары туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің міндетін атқарушы Р.Б. Иманбаеваның ақпараты назарға алынсын.
2. «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК ұсынылсын:
- «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау;
- аудан тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу;
- халықты уақтылы және сапалы алдын-ала тексеруді, диспансерлеуді және сауықтыруды, оның ішінде әртүрлі скринингтік бағдарламалар бойынша өткізу;
- кепілдендірілген тегін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша дәрілік препараттарды сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражаттың уақытылы, толық және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету, сатып алынатын және жетіспейтін дәрі-дәрмектерге тұрақты бақылау жүргізу, сондай-ақ жоқ препараттарды ауыстыру кезінде науқастың жеке ерекшеліктерін ескеру;
- мұқтаж мүгедектерді уақытылы оңалту іс-шараларымен қамту;
- ауданның денсаулық сақтау мекемелерін күрделі жөндеудің сапалы және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықтармен және мүкәммалмен кезең-кезеңмен жарақтандыруға бағытталған шараларды қабылдау;
- кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жолымен ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу;
- дәрігерлердің жекелеген санаттарының жүктемесі мәселелерін пысықтау, мамандардың ауданның шалғайдағы елді мекендеріне бару тәртібін реттеу және халықтың назарына жеткізу;
- науқастарды тиімді қабылдау мақсатында халықтың наразылығы мен қолайсыздықтарын тудыратын негізсіз кезек жағдайларын болдырмай, дәрігерлердің жұмыс уақыты мен режимін сақтау;
- ауданның медициналық мекемелерінде жетіспейтін білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру;
- ауданның барлық медициналық мекемелерінде жаңадан енгізілген бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша жұмысты ретке келтіру;
- аудандық БАҚ-мен бірлесе отырып, барлық жас топтары арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау.
3. Атқарушы органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына жаңадан келген медициналық мамандарға тұрғын үй және басқа да көмек көрсету жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Ғ. Даитова