Депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
қаулысы
2021 жылғы 13 тамыз № 13 Шортанды к.
Шортанды ауданы объектілерінің
жылыту маусымына дайындық
барысы туралы
Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.А. Керімбаевтың, «Шортанды жылу тарату компаниясы» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А.Н. Қаспановтың, «Ақмола облысы білім беру басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімі» ММ басшысы Ш.Х. Ахметованың, Шортанды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Н. Адалбектің, «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Р.Д. Бутембаевтың, Дамса ауылдық округінің әкімі Г.Ж. Абдрахманованың «Шортанды ауданы объектілерінің жылыту маусымына дайындық барысы туралы» мәселесі бойынша ақпаратын тыңдап және талқылап, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғарыда аталған басшылардың ақпараты назарға алынсын.
2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Орынбасаровқа қысқы кезеңде жылу беру маусымын өткізуге жауапты мекеме басшыларының жұмысына бақылауды күшейту ұсынылсын.
3. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімій» ММ (А.А.Керімбаев) ұсынылсын:
- жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- қазандықтар мен жылу жүйелеріне жоспарланған жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау және ұйымдарға жылу беру маусымын өткізу жөніндегі жұмыстардың орындалуына тиісті бақылау ұйымдастыру;
- жергілікті деңгейде қатты отынның авариялық қорын жинақтаудың уақтылығы мен толықтығын, сондай-ақ кәсіпорындарды жылу беру маусымына дайындау кестесін бақылауды қамтамасыз ету;
- барлық қазандықтарда қазандық пен желілік суды дайындауды ұйымдастыру;
- ескі жылу желілерін ауыстыруды және ішкі жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді жүргізу;
- www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әзірлік паспортын алу үшін энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан құжаттар пакетінің уақтылы берілуін бақылауды қамтамасыз ету.
4. «Шортанды жылу тарату компаниясы» ЖШС-не «Ақмола облысы білім беру басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімі» ММ-мен бірлесіп жылу тарату компаниясының қызмет көрсетуіндегі ауданның білім беру объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу және бекіту және оның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. «Шортанды жылу тарату компаниясы» ЖШС (Р.Т. Айтмақов) ұсынылсын:
- білім беру мекемелерінің қазандықтары мен жылу жүйелеріне жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын іс-шаралар жоспарында көзделген мерзімде аяқтау;
- білім беру объектілерінде жылыту маусымына қатты отынның авариялық қорын уақтылы және толық жинақтауды қамтамасыз ету.
6. «Ақмола облысы білім беру басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімі» ММ басшысына (Ш.Х. Ахметова):
- білім беру мекемелерінде температуралық режимнің сақталуын бақылау бойынша қажетті шаралар қабылдау, қатты отынның 2 айлық қорын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қажет болған жағдайда ауданның барлық мектептерінде кіреберіс есіктерінің жетектерін орнату және сырғанауға қарсы жабынмен қамтамасыз ету.
7. (ОАА, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ) ауданның әлеуметтік сала мекемелерінің басшыларына:
- басшылық ететін мекемелерде температуралық режимнің сақталуын бақылау бойынша қажетті шаралар қабылдау, 2 айлық қатты отын қорын және әкелінетін қатты отынның сақталуын қамтамасыз ету.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Ғ. Даитова