Депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
қаулысы
2021 жылғы 24 маусымдағы № 10 Андреевка а.
Пригородный а.
Андреевка және Пригородный
ауылдық округтері әкімдерінің
атқарылған жұмыстары туралы есептері
Андреевка және Пригородный ауылдық округтері әкімдерінің атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, жастар істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Андреевка ауылдық округінің әкімі А.Ю. Ермоловтың және Пригородный ауылдық округінің әкімі Н.Л. Пистрюганың есептері назарға алынсын.
2. Жоғарыда көрсетілген ауылдық округтердің әкімдеріне ұсынылсын:
- депутаттардың айтылған ұсыныстарын ескере отырып, округ экономикасын серпінді дамыту, экономикалық әлеуетті арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса назар аудару;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес көздер есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын толықтыру бойынша жұмысты жандандыру;
- жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жолға қою және өз жұмысында олардың әлеуетін кеңінен пайдалану;
- электрондық шаруашылық кітаптарын дұрыс жүргізу мақсатында үй-үйді мұқият аралау;
- барлық меншік нысандары объектілерін және оларға іргелес аумақтарды абаттандыру және эстетикалық жай-күйін тиісті түрге келтіру жөніндегі жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау бойынша жұмысты жалғастыру;
- округтің білім беру объектілерінің қалыпты жұмыс істеуінің проблемалық мәселелерін шешуге жан-жақты ықпал ету;
- «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірлесіп округ жастарының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастыру;
- мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Құрылыс бөлімі» ММ және «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бірлесіп осы іс-шараларды аяқтау;
- иесіз малдың бақылаусыз жайылуын болдырмау мәселесі бойынша халық арасында жүйелі түрде алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бірлесіп:
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жалғастыру, сондай-ақ округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізу;
- шаруашылық субъектілерімен олардың өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
- Шортанды ауданы ПБ ЖПҚ бөлімшесімен бірлесіп құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды күшейту.
3. Осы қаулының жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Тұрақты
комиссияның төрайымы Ғ. Даитова