Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау бойынша қабылданатын шаралар туралы

Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның

ҚАУЛЫСЫ

 

2021 жылғы 29 сәуірдегі № 8                                                                                                                 Шортанды кенті  

 

 

Шортанды ауданында сыбайлас

жемқорлық көріністерінің алдын

алу және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы заңнаманы орындау бойынша

қабылданатын шаралар туралы

 

 

Аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.Ж. Жұмкейдің «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау бойынша қабылданатын шаралар туралы» есебін тыңдап және талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында Шортанды ауданы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органның барлық құрылымдық бөлімшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар қабылдап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қажетті платформа құрылды.

Шортанды ауданы әкімдігінің жанында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Жыл сайын комиссияның жұмыс жоспары бекітіледі, Комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған мәселелер қаралады және отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар беріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық штаб құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының кестесі жасалды және бекітілді. Дербес бөлім басшыларымен және жастар ресурстық орталығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру туралы түсіндіру іс-шаралары, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды дамыту мақсатында Жастар ресурстық орталығының еріктілері халық пен жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша буклеттер таратты.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімі жұмыс істейді, онда азаматтар аудан әкіміне сұрақ немесе ұсыныс жасай алады. Барлық келіп түскен сұрақтар уақытылы және сапалы қарастырылады. Сайт халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ашық.  Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде де осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес аудан әкімі аппаратында персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысына жүктелген функцияларды орындайтын Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және басқа да тұлғаларды қабылдау жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілердің көрсетілген кезеңдерде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

«Openspace» жобасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы желтоқсанда «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратының 1-ші қабатына аудан әкімінің, аудан әкімі аппараты басшысының кабинеттері, кеңсе ауыстырылды.

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін 2020 жылдың маусым айынан бастап Шортанды ауданы әкімі аппаратының ғимаратында бірінші қабатта «сервистік әкімдік» жұмыс істейді.

«Adalkómek» жобасын іске асыру мақсатында «қолжетімді әкімдік» алаңында 2020 жылы ауданның мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен мамандары 60 тікелей эфир өткізді. 2021 жылдың басынан 26 тікелей эфир өткізілді.

Аудан аумағында 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 4 баннер орналастырылды. Шортанды ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 150 жария орналастырылған. Аудандық «Шортанды Жаршысы» және «Вестник Шортанды» газеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 7 мақала жарияланды.

2021 жылдың ақпан айында «Адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі – «қайырымды істер» тобының еріктісі Нұрсаит Машанло тағайындалды. Кеңесші тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша аудан тұрғындары мен әкімдіктің өзара іс-қимылын жүзеге асырады.

Шортанды ауданының мемлекеттік мекемелері бөлінген қаржы туралы ақпаратты халықтың ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ашық бюджеттердің интерактивті картасының budget.egov.kz сайтына орналастырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ауданның мемлекеттік органдарының басшылары қатарынан жұмыс тобы құрылды. 2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 22 талдау жүргізілді (тәуекелдер анықталған жоқ).

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Президенттің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.Ж. Жұмкейдің «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» есебі назарға алынсын.

2. Жергілікті атқарушы органдарға ұсыну:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;

 - Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық нормаларына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;                                                                                                                                      

- жаңадан қабылданатын қызметкерлердің жария етуші мәліметтерге, сондай-ақ жақын туыстарының бірлесіп жұмыс істеу фактілеріне тексеру жүргізу бөлігінде персоналды басқару қызметінің жұмыс деңгейін арттыру;                                                                                                                            

- қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бюджетке әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеуі және ауданның мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау;        

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін шақыра отырып, халықты, өз қызметкерлерін және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұжымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша қызметті жандандыру;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қаржы - шаруашылық қызметіне және шаруашылық жүргізуге және жедел басқаруға берілген, жалға алынған, өтеусіз пайдаланылатын ауданның коммуналдық меншігін тиісінше пайдалануға тиімді бақылауды жүзеге асыру.

 

 

Тұрақты

комиссияның төрайымы                                                                                                            Ғ. Даитова

Дата публикации
06 января 2023