Шортанды ауданындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі мен даму үрдістері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықт тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

қаулысы

 

2021 жылғы 30 наурыздағы № 6                                                                                                     Шортанды кенті

 

 

Шортанды ауданындағы криминогендік

жағдайдың жай-күйі мен даму үрдістері,

қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

 

 

Шортанды ауданы ПБ ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Т.С. Шәріповтың «Шортанды ауданындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі мен даму үрдістері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» есебін тыңдап және талқылағаннан кейін, Шортанды аудандық мәслихатының Депутаттық өкілеттік және этика, жастар істері, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шортанды ауданының полиция бөлімінің «Шортанды ауданындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі мен даму үрдісі туралы» есебі назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының полиция бөліміне ұсынылсын:

- Аудан аумағындағы жедел жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу, қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды ашу және тергеу, іздестіру бойынша, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша тұрақты негізде мақсатты жұмыс жүргізу;

- қылмыстың алдын алу мен алдын алуда полицияның кешенді күштері мен құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

- құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын, сондай-ақ «2018-2020 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі» ведомстволық Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін қоғамдық құрылымдар желісін және олардың қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі қызмет аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыру.

3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп:

- құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында мақсатты жұмыс жүргізу;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін барлық шараларды қабылдау. Бұл қызметке барлық қоғамдық құрылымдарды, барлық меншік нысандарының басшыларын және халықты тарту;

- ауылдық елді мекендердегі ерікті жасақтардың жұмысын олардың жұмысын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға бағыттай отырып ұйымдастыруды жалғастыру;  

- мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауданның елді мекендерінде мал жаю бойынша 3 жақты келісім шарт жасау қажеттілігіне тиісті назар аударылсын;

- жол-көлік оқиғалары үшін жағдай жасай отырып, Республикалық маңызы бар жолдар бойынша автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында қараусыз үй жануарларын жаюға жол бермеу жөнінде аудан тұрғындарымен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

4. Депутаттық өкілеттік пен этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия Шортанды ауданының ПБ бірлесіп, Бозайғыр ауылдық округінде полиция пунктін ашу мүмкіндігі бойынша Ақмола облысының полиция департаментіне депутаттық сауал дайындап, жолдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау депутаттық өкілеттік пен этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты

комиссияның төрайымы                                                              Ғ. Даитова

 

Дата публикации
06 января 2023