Электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) абаттандыруға, салуға, көгалдандыруға және санитариялық тазалауға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы

Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2022 жылғы 30 қыркүйек № 12                                               Шортанды к.

 

 

Электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау,

газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) абаттандыруға, салуға, көгалдандыруға және санитариялық тазалауға бөлінген

бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы

 

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Орынбасаровтың «Электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) абаттандыруға, салуға, көгалдандыруға және санитариялық тазалауға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Орынбасаровтың ақпараты назарға алынсын.

1. «Экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірлесіп ұсынылсын:

- Электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) абаттандыруға, салуға, көгалдандыруға және санитариялық тазалауға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі тиісті жұмысты жалғастырсын;

- бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, жоспарлы тағайындаулар немесе қабылданған міндеттемелер көлемінен тыс кредиторлық берешектің, дәлелді себептерсіз дебиторлық берешектің қалыптасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын;

- мемлекеттік коммуналдық мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру және коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін коммуналдық меншіктің мемлекеттік және өзге де заңды тұлғаларына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүліктің тиімділігі мен нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізуді жалғастырсын, мемлекеттік коммуналдық мүлікті толық және сапалы есепке алуды жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

2. «Экономика және қаржы бөлімі» ММ ұсынылсын:

- бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджеттің атқарылуын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджетті нақтылауға қосымша өтінімдер түскен кезде талдау жүргізсін;

- бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету және бюджеттік мониторинг жүргізу сапасын арттыру үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалмау, міндеттемелерді қабылдамау себептерін анықтау бойынша талдау жүргізсін.

3. «Экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ және «Құрылыс бөлімі» ММ бірлесіп объектілерді пайдалануға беру мерзімдерін және жүргізілетін жұмыстардың сапасын сақтауға ерекше назар аудара отырып, оларды одан әрі ағымдағы күтіп ұстау мақсатында пайдаланушы ұйымдарға абаттандыру объектілерін, көше және саябақ жарықтандыруының жарық тіректерін, инженерлік-коммуникациялық желілерді, иесіз объектілерді уақтылы беру жөнінде қосымша шаралар қабылдау ұсынылсын.

4. «Экономика және қаржы бөлімі» ММ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ мен  «Құрылыс бөлімі» ММ ұсынылсын:

- оның сандық және сапалық сипаттамалары туралы жариялылықты қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік активтерді, коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігіне бақылауды күшейтсін;

- коммуналдық шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдау және тұрақты негізде ауданның коммуналдық мүлкіне мониторинг пен есепке алуды жүзеге асырсын;

- ауданның коммуналдық активтерін басқару жөніндегі Бағдарламаны қабылдау мәселесін зерделесін;

- желілердің тозуын азайту мақсатында тұтынушылардың өсіп келе жатқан жүктемелерін ескере отырып, жылумен, электрмен жабдықтаудың жаңа желілерін жобалау және салу жөніндегі іс-шараларды жалғастырсын.

5. Қоқыстың таралуына жол бермеу, рұқсат етілмеген полигондардың алдын алу мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне, Шортанды ауданының ПБ ЖПҚ тұрмыстық қатты қалдықтардың үй иелерінің және өндіріс объектілерінің аумақтарынан уақтылы шығарылуына күнделікті бақылауды жүзеге асыру, бұзушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану ұсынылсын.

6. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне бірлесіп ұсынылсын:

- тұрғын үй алаптарын контейнерлік алаңдармен, контейнерлермен жеткілікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

- округтер аумағын абаттандыруды, санитарлық жай-күйін және көгалдандыруды жақсарту, аумақтардың тазалығын сақтауды, инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстауды және қорғауды бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

- Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының және Ақмола облысында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларының сақталуына бақылауды күшейту жөніндегі жұмысты жандандырсын;

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес округте жасыл желектерді паспорттау бойынша жұмыс жүргізу мәселесін зерделесін.

7. Ауданның жергілікті атқарушы органына ұсынылсын:

- сапасыз тұрғын үй салу және пайдалануға беру бойынша тәуекелдерді болдырмау мақсатында әлеуметтік қажеттіліктер үшін дайын тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін қарастырсын;

8. «Құрылыс бөлімі» ММ ұсынылсын:

- мердігер ұйымдардың әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй құрылысы объектілерін және инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) салу кезінде шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін және күшейтсін.

9. «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Шортанды ауданының аумағында салынып жатқан объектілерге тиісті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды қамтамасыз етуді ұсынсын.

10. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына аудан аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды газет беттерінде үнемі жариялап отыру ұсынылсын.

11. Осы қаулының іске асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссияның

төрайымы                                                                                             Г. Горкушева

Дата публикации
06 января 2023