Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 27 шілде № 10 Шортанды к.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында
Шортанды ауданының
ӘЭД көрсеткіштерінің
орындалу барысы туралы
«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаеваның «Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Шортанды ауданының ӘЭД көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.Қ. Мұнтаеваның «Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Шортанды ауданының ӘЭД көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
1. Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтижелеріне қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын, осыған байланысты:
- технологиялық жаңғырту мен цифрландыруға байланысты бұрын іске асырылған және енгізу жоспарланған іс-шаралар есебінен ірі кәсіпорындарда өнеркәсіптік өндіріс пен Еңбек өнімділігі өсуінің оң қарқынын сақтауды қамтамасыз етсін;
- мал шаруашылығы саласында қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайтсын;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдасын;
- инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын және олардың уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырсын;
- шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды күшейтсін;
- білім беру сапасын арттырсын, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша жұмыстарды жалғастырсын;
- мемлекеттік балабақшалар мен мектептерді бейнебақылау камераларымен 100% жарақтандыруды, білім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеуді уақтылы жүргізуді қамтамасыз етсін;
- өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартсын және жұмысқа орналастырсын;
- аз қамтылған отбасылар арасында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы және кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізсін;
- мүгедек адамдардың барлық санаттары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне толық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бейімдеу іс-шараларының жүргізілуін бақылауға алсын;
- дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамтуды ұлғайтсын және қазіргі заманғы спорт объектілерінің желісін кеңейтсін;
- аудан жастарына саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді және рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтуға бағытталған ішкі және жастар саясаты саласындағы жұмысты жалғастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Горкушева