Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 1 маусым № 8 Шортанды к.
Мал шаруашылығын дамытудың
өзекті мәселелері және оларды шешуді
қамтамасыз ету туралы
Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Г. Коркотконың «Мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешуді қамтамасыз ету туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, ауданның атқарушы органдарымен Шортанды ауданында мал шаруашылығын дамыту жоспарында белгілі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
2022 жылғы қаңтара – сәуірде ІҚМ басы 22 110 басты құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 104,8% (2021 жылғы қаңтар-сәуір 21 095 мың бас), оның ішінде сиырлар 8 913 бас немесе 104,9% (2021 жылғы қаңтар-сәуір 8 500 мың бас), ҰММ – 21 616 бас немесе 2021 жылға 100% (2021 жылғы қаңтар – сәуір 21 606 мың бас), жылқы – 8 963 бас немесе 100% (2021 жылғы қаңтар-сәуір 8 960 мың бас), шошқа – 9 798 бас немесе 83% (2021 жылғы қаңтар-сәуір 11 808 мың бас) құс – 46 593 бас немесе 2021 жылға 109,4% (2021 жылғы қаңтар-сәуір 42 592 мың бас).
2021 жылдың ұқсас кезеңіне 4 148,1 тонна сүт немесе 102,5%, 2021 жылға тірі салмақта ет – 1 221,7 тонна немесе 100%, 2021 жылға жұмыртқа – 401,2 мың дана немесе 100% өндірілді.
Мемлекет басшысы қойған міндетке сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі тапсырманы іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда.
Шортанды ауданы елордаға ауылшаруашылық өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының базарларында «Темеш 5» ЖШС (385 тонна қымыз, 212 тонна жылқы еті), Воложанин ЖК (113,0 тонна жылқы еті), «Молочный 2» ӘКК (82 тонна сүт өнімдері), «Төңкеріс» НӨП ЖШС (19 мың тонна ұн), «Целина Агро Трейд» диірмен кешені (2000 тонна ұн) өнімдері сатылды.
2022 жылдың 1 тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының базарларында «Темеш 5» ЖШС (96,3 тонна қымыз, 54,0 тонна жылқы еті), Воложанин ЖК (28,5 тонна жылқы еті), «Молочный 2» ӘКК (15 тонна сүт өнімдері), «Төңкеріс» НӨП ЖШС (9.6 мың тонна ұн), «Целина Агро Трейд» диірмен кешені (237.7 тонна ұн, 99,0 тонна кебек) өндірді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Германиядан симментал тұқымды 128 аналық мал басына «Милк Продукт» ЖШС сүт-тауар фермасы ашылды (2021 жылы 2,5 мың тонна сүт өндірілді, қызметкерлерге арналған 200 млн. теңге сомасына сиыр қорасы мен жатақхана құрылысы жүргізілуде, 2022 жылы Еуропадан симментал тұқымды 93 бас ІҚМ аналық басын әкелу жоспарлануда).
Ағымдағы жылы жалпы саны 270 бас ІҚМ болатын 7 ет фермасын құру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 4 жұмыс сатысында, олар «Қыпшақ» ӘКК - инвестиция сомасы - 45 млн.теңге, «Хамадони» ЖШС - инвестиция сомасы – 38 млн. теңге, «Дыханбаев» ЖК - инвестиция сомасы - 32,0 млн. теңге, «Бектау» ЖШС - инвестиция сомасы-35,0 млн. теңге .
Агрокредит корпорациясына өтінімдер берілді. АКК несиелендіру арқылы ет фермаларын өсіру бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен түсіндірме әңгіме жүргізілуде.
Ауданда 160 аналық мал басына 2 сүт-тауар фермасын іске қосуға дайындық жүргізілуде («Милк Продукт» ЖШС - 2 кезеңді іске асыру - 93 бас ІҚМ әкелу жоспарлануда, Бозайғыр а. «Ауыл» ШҚ - Ресейден сомасы 32,0 млн. теңгеге симментал тұқымды 67 бас ІҚМ аналық басын іске қосу жоспарлануда, мал шаруашылығы базасы бар.
Пайдалануға беру мерзімі - 2022 жылдың 3 тоқсаны. 8 жұмыс орны құрылады.
ІҚМ тұқымдық түрленуі 2022 жылға – 2 940 басты немесе 34,5% құрайды.
Есепті күнге тұқымдық түрлендіруге 2 671 бас тауарлы сиыр немесе қатысу үлесі - 33,8%, жыл басынан 54 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды («Медина» ӘКК - 28 бас, «ЕРАСЫЛ АӨК» ӘКК - 17 бас, «Миллер» ЖК-2 бас, «Бектау» ЖШС-5 бас, «Новоселовка» ЖШС-2 бас).
Сонымен қатар, шошқа басының төмендеуі байқалады.
Мал қорымдары мен жануарлардың жемтіктерін жағуға арналған пештер мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Г. Коркотконың ақпараты назарға алынсын.
2. Аудан әкімдігіне, «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ- не ұсынылсын:
- ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі бойынша қарқынын арттыру;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру мақсатында қолданыстағы шаруашылық субъектілерімен жем-шөп дақылдарын және бордақылау алаңдарын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу;
- асыл тұқымдық базаны одан әрі дамыту және малдың генетикалық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдардың импорты есебінен арттыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
- мал шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жоспарлы көрсеткіштерін орындау жөніндегі жұмысты жандандыру;
- аудан бойынша тұрғындардың мал жаюы үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;
- мал шаруашылығын дамыту және өнімді қайта өңдеу саласында инвестициялық жобаларды тарту бойынша жұмысты жалғастыру;
3. «Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының пайда болуы мен жұқтыруын болдырмау жөніндегі ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты
комиссияның төрайымы Г. Горкушева