Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 15 сәуір № 6 Шортанды к.
Аудан аумағында су тасқынына
қарсы қажетті жұмыстарды
орындау үшін тартылатын күштер
мен құралдардың дайындығы туралы
Шортанды ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Р.Қ. Таукеловтың «Шортанды ауданының аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды орындау үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, тұрақты комиссия ауданның атқарушы органдарымен су тасқынына қарсы жұмыстарды дайындау және өткізу жоспарында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтеді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімдігімен Шортанды ауданының ТЖ бөлімімен бірлесіп 2022 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды дайындау және апатсыз өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жоспардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша іс-қимылдарды басқару және үйлестіру үшін су тасқынына қарсы штаб құрылды, су тасқыны қаупін болдырмау үшін ЖАО-да тәулік бойы кезекшілік орнатылды.
Шортанды ауданының аумағында көктемгі кезеңде тасқын су басуы ықтимал 4 елді мекен орналасқан. Аталған елді мекендер су тасқыны қаупі бар учаскелердің паспортында көрсетілген – бұл Дамса, Степное, Пригородное, Октябрьское ауылдары.
Шортанды ауданының елді мекендерінде жер үсті, еріген, сондай-ақ жаңбыр суларын бұру үшін арық желілері мен нөсер кәріздерін орнату бойынша механикаландырылған жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың наурыз айында барлық бөгеттерде суды барынша шекті деңгейге дейін ағызу бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық гидротехникалық құрылыстарда су деңгейін жүзеге асыру үшін желілік белгі орнатылған.
Шортанды ауданында 8 ГТҚ бар, оның 6-ы ЖАО теңгерімінде, 2-уі жеке меншікте, 7 бөгет қанағаттанарлық жағдайда және 1-уі қанағаттанарлықсыз жағдайда (Дамса бөгеті).
Қосымша мұзды жару жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда Шортанды ауданының әкімдігімен «АК Алтын Алмас» АҚ Жолымбет жобасымен Шортанды ауданының аумағында су тасқыны кезеңінде жару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу бойынша ауызша келісім бар.
2022 жылдың 14 ақпанына Шортанды ауданының аумағынан 3650 текше метр қар шығарылды. Бұл мақсаттарға аудандық бюджетте 23 млн.теңге қарастырылған, олар қажет болған жағдайда ұлғайтылатын болады.
Аудан бойынша барлығы 9 мотопомпа жұмыс істеп тұр, алдағы уақытта қосымша сатып алу мәселесі қарастырылуда.
Су тасқыны салдарын жою үшін көктемгі кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда инженерлік және су айдау техникасын тарту бойынша шаруашылық субъектілерімен меморандумдар, шарттар жасалды.
Су тасқынына дайындық шеңберінде ЖАО су басуға бейім ауданның елді мекендерінде жалпы ұзындығы 800 м 2 су бұру каналын, ұзындығы 200 м 1 арықты қардан тазалау жүргізілді.
Аудан аумағында автожолдарда 33 су өткізу құрылғысы бар, оның 5-і республикалық, 16-сы облыстық, 12-сі аудандық автожолдарда.
Су тасқыны кезеңіне дайындық және өткізу кезеңінде Шортанды ауданының әкімдігімен Шортанды ауданының ТЖ бөлімімен және ЖПҚ бірлесіп аудан тұрғындары арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын азайту бойынша кең ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Р.Қ. Таукеловтың ақпараты назарға алынсын.
2. Келесі маусымда су тасқынына қарсы жұмыстарды сапалы дайындау және өткізу мақсатында Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарына ұсынылсын:
- төтенше жағдайлар туындаған кезде қажетті су басуына және су тасқынына қарсы іс-шараларды, апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығына тексеру және түгендеу жүргізу;
- аудан аумағында көктемгі кезеңде су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу және төтенше жағдайдың алдын алу және ескерту мақсатында, аудандық бюджетті және төртінші деңгейдегі бюджетті жоспарлау кезінде елді мекендерден қар шығаруға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге (жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдармен шарттар жасасуға), өнімділігі жоғары балшық мотопомпаларын, оларға жеңдер сатып алуға, ақаулы су сорғыш және инженерлік техниканы жөндеуге қаржыландыруды ұлғайтуды көздеу;
- су тасқынына қарсы күреске, автомобиль және темір жолдарды, электр беру және байланыс желілерін, өмірлік маңызы бар объектілерді қалпына келтіруге қажетті әртүрлі материалдық құралдарды дайындауды қамтамасыз ету;
- ағымдағы жылы су тасқынына қарсы жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, су басудың күтілетін аймақтарын, көрсетілген аймақтарға түсетін елді мекендердің, аудан халқының тіршілігін қамтамасыз ету және экономика объектілерінің тізбесін айқындау жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген аймақтардан халықты, ауыл шаруашылығы жануарларын, материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялау бағыттары мен орындарын нақтылау;
- су тасқынының қауіпті кезеңінің басталуымен, өзендердің су жинау қауіпті учаскелеріндегі гидрологиялық және мұз жағдайын нақты бағалау мақсатында, қажет болған жағдайда, өзендердегі судың көтерілу деңгейін тәулік бойы бақылау үшін қосымша бекеттер ұйымдастыру;
- Дамса ауылындағы «Дамсинская» бөгетінің шлюз-қақпаларын қайта жаңартуды және Шортанды ауданы Пригородное ауылы бөгетінің шлюз-қақпаларындағы ысырмаларды жөндеуді ерекше бақылауға алу;
- ауданның тиісті қызметтерімен бірлесіп:
1) су басуға (су алуға) ұшыраған жерлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, ауыз судың және жер үсті суларының жай-күйін қадағалау;
2) Шортанды ауданының аумағында көктемгі су тасқыны және жазғы-күзгі су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың өршуіне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу;
3) ауыз сумен жабдықтау көздеріне, оның ішінде орталықтандырылмаған су көздеріне, халыққа берілетін ауыз судың сапасына, ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін, сондай-ақ рекреациялық мақсаттарда пайдаланылатын су объектілеріне ағызылатын сарқынды суларды тазартудың тиімділігіне, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен әкетудің уақтылығына бақылау жасауды ұйымдастыру.
- Шортанды ауданының ТЖ бөлімімен бірлесіп:
1) су тасқынынан өту және тасқын суларды өткізу кезеңінде оның мінез-құлқы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды, халықты төтенше жағдайлар туындаған кезде қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға оқытуды тұрақты негізде жүзеге асыру;
3) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, су айдындарының жай-күйі және қауіпсіздік шараларының сақталуы туралы халықты уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында, тұрғылықты жері бойынша азаматтардың жиналыстары мен жиындарында сөз сөйлеуді ұйымдастыру.
- апта сайын бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге қалыптасқан су тасқыны жағдайы және елді мекендерді су басу қаупі кезінде халықтың жүріс-тұрыс ережелері туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына қалдырылсын.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Горкушева