Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымынның бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 15 сәуір № 5 Шортанды к.
Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы
«Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы»
ШЖҚ МКК функциялары мен міндеттерін орындау туралы
«Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшысының м. а. А.Қ. Уәлиахметовтың «Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Ветеринариялық станция) функциялары мен міндеттерін орындау туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы тиісті қызметтермен Шортанды ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, 2021 жылы ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралар жоспары 100 % - ға орындалды. Құтыруға қарсы 4800 бас, сібір жарасына қарсы 51500 бас, ІҚМ эмкариясына қарсы 17400 бас, жылқы ринопневмониясына қарсы 2200 бас, ІҚМ нодулярлық дерматитіне қарсы 15000 бас, ет қоректі эхинококкозға қарсы 1400 бас, 80031 бас вакцинациялау жүргізілді. Бұдан басқа, 22700 бас мал туберкулезге, 1000 бас жылқы маңқасына тексерілді.
Сондай-ақ, 2022 жылға жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарланған. 2021 жылы сәйкестендіру бойынша жоспар 100% - ға орындалды. 2022 жылы 7063 бас ірі қара, 7570 бас ҰҚМ, 6600 бас шошқа және 1838 бас жылқы бірдейлендіріледі.
Ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорын жүргізеді, ветеринариялық анықтамалар береді, биологиялық материалдарды іріктеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Шортанды ауданының аумағында екі мал сою алаңы жұмыс істейді (Бозайғыр а/о – «Алтай» ШҚ, Шортанды кенті – «Воложанин» ЖК). Қаңғыбас иттерді аулау және жою бойынша іс-шаралар өткізілді.
Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсетіледі.
Сонымен қатар, ауданның ветеринарлық қызметтерінің жұмысында кемшіліктер мен олқылықтар бар. Бірнеше жылдар бойы мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Мәселен, Бозайғыр ауылдық округінде бір ветеринарға 800 бас нормада, іс жүзінде 2 маман 11000 бас малға қызмет көрсетеді, бұл ретте бір маман тек деректер базасымен жұмыс істейді. Барлық жерде ветеринарлар жұмыс орындарымен қамтамасыз етілмеген, ветеринариялық препараттарды сақтауға орын жоқ. Ауданның ветеринария басқармасы жеткізген Жоспар ауыл шаруашылығы жануарларының қолда бар мал басын зерттеулермен толық қамтуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын зерттеулермен толық қамту мүмкін емес. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын салу және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету мәселесі тиісті деңгейде шешілмейді. Елді мекендердің жеке аулалардағы сою алаңдарымен қамтамасыз етілмегендіктен, барлық санитарлық нормаларды бұза отырып, бақылаусыз мал сою жалғасуда. Халық басқа аймақтардан әкелінген малды жасырады. Аудан халқының жеке ауласында ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын толық есепке алу жоқ. Интернетке байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы тиісті деңгейде жұмыс істемейді. Ветеринарлық дәрігерлер үнемі ұйымдастырушылық қиындықтармен бетпе-бет келеді: елді мекендерде және шалғайдағы жайылымдарда бөліністер жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшысының м. а. А.Қ. Уәлиахметовтың ақпараты назарға алынсын.
2. Ауданның жергілікті атқарушы органдарына жоғарыда көрсетілген қызметтерге ұсынылсын:
- аудандағы эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру және ветеринариялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмысты күшейту;
- халықтың жеке қосалқы шаруашылығында тұрған және басқа өңірлерден әкелінген ІҚМ және ҰҚМ басын есепке алуды жолға қою;
- мал қорымдары мен мал сою алаңдарын салу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру.
- ауыл шаруашылығы малдарының уақтылы ветеринариялық іс-шараларын жүргізу мақсатында ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен олардың аумағында бөліністердің қажетті мөлшерін салу бойынша жұмыс жүргізу;
- тұрғындар арасында иесіз жүрген мал бойынша алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
3. «Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК:
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасына ақпараттың сапалы енгізілуіне және оның уақтылы жаңартылуына бақылауды күшейту;
- жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында мал шаруашылығын жүргізу мәдениеті мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.
4. Аудандық мәслихатқа Ақмола облысының ветеринария басқармасына ветеринариялық станцияны материалдық-техникалық жарақтандыруды күшейту жөнінде хат жолдансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Г. Горкушева