Шортанды аудандық мәслихатының
2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2
«Шортанды аудандық сайлау
комиссиясының мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ордабаева Әсел Шахманқызының орнына Шортанды аудандық сайлау комиссиясының мүшесі болып Баймусинов Сембай Сәлменұлы сайлансын.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова