Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2 «Шортанды аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/3 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/4 «Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/3 «Шортанды аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 7С-14/3 ««Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова