Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 7С–35/4 шешіміне
қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының 2023 жылға арналған жұмыс
жоспары
I тоқсан
(қаңтар - наурыз)
- Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебі.
- Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебі.
II тоқсан
(сәуір -маусым)
- 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
- 2022 жылғы кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы.
III тоқсан
(шілде - қыркүйек)
- Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
IV тоқсан
(қазан - желтоқсан)
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2024-2026 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.