№ 7С-35/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезекті отыз бесінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті отыз бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. 2023-2025 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.

Баяндаушы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.

2. 023 жылға арналған аудандық мәслихаттың аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № С-19/3 «1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № С-6/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/10 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/7 «Шортанды ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                            Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
27 декабря 2022