Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселе туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі мәселе енгізілсін:
1. 2023-2025 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.
Баяндаушы: Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова