Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезекті отыз төртінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті отыз төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Баяндамашы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.
2. 2023 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова