Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс отыз үшінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс отыз үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы № С-29/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова