Шортанды ауданында
жылыту маусымының
өтуі туралы
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ. Н. Орынбасаровтың «Шортанды ауданында жылыту маусымының өтуі туралы» баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2021-2022 жылдардағы тұрақты, апатсыз жылыту маусымын өткізгенін және 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымын дайындау және өткізу бойынша бірқатар іс-шараларды орындағанын атап өтті.
Мәселен, Шортанды ауданы бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау объектілерінде жылыту маусымы ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінен, көппәтерлі тұрғын үйлерде - 28 қыркүйектен басталды.
Әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері үшін 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына көмірдің жалпы қажеттілігі 16 505 тоннаны құрайды. Көмірдің екі айлық қажеттілігі 4 680 тоннаны құрайды.
Ауданның 23 мектебінің 21-і, 8 мектепке дейінгі ұйымның 5-і орталық жылу тарату компаниясымен жылытылды. Жолымбет кентіндегі № 2 мектеп № 1 мектептен жылытылады. Шортанды кентінің № 2 мектебін Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы «Шортанды Су» ШЖҚ МКК жылытады. «Гүлдер» бөбекжайы «Новокубанское» ЖШС, «Айгөлек» балабақшасы - «Петровское» АҚ жылытады.
2021 жылы Жолымбет БШҮ БМК орнатылды. Дамса және Пригородное ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінің қазандықтары шығарылды.
Қатты отын сатып алуға жалпы қажеттілік 104 315 мың теңгені құрайды.
Ағымдағы жылы Шортанды кентінің (№1 мектеп), Андреевка, Петровка, Новокубанка ауылдарының жалпы білім беретін мектептері үшін 4 қазандық сатып алынды.
Барлық білім беру ұйымдары жылыту маусымына дайын. Дайындық паспорттары алынды.
Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы «Шортанды Су» ШЖҚ МКК қызмет көрсетуінде 3 қазандық (орталық қазандық, Шортанды кентіндегі Пушкин көшесіндегі қазандық, Научный кентіндегі Бараев көшесіндегі қазандық) бар, онда 11 қазандық орнатылған.
2022 жылы жылыту маусымына дайындалуға облыстық бюджеттен Шортанды кентіндегі Пушкин көшесіндегі орталық қазандық пен қазандықты күрделі жөндеуге 50 млн. теңге бөлінді. Сорғы тобын ауыстыру, қуаты 1,7 мВт болатын 4 қазандықты ауыстыру, диаметрі ұлғайған жылу желілерін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жергілікті бюджеттен екі айлық отын қорын құруға 2000 тонна көлемінде қатты отын сатып алуға 25 млн. теңге бөлінді.
«Шортанды АА» ШЖҚ МКК бойынша 28 Денсаулық сақтау нысаны бар: АА емханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 4 ФАПа және 15 медициналық пункт. 2022-2023 жылдарға «Ақ сұңқар» ЖШС-мен «Богатырь» разрезінің 1 100 тонна және 200 тонна «Шұбаркөл» көмірін жеткізуге шарт жасалды. «Ибрагимов» ЖК-мен отын жеткізуге. Отынның нормативтік қоры бар, отын қоймасы дайындалған, қыста дайын.
Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының мерзімі кешіктірілгенін атап өткен жөн. Бағдарламалардың барлық әкімшілері қатты отын сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді аяқтаған жоқ. Жылыту маусымының дайындық жұмыстарының сапасы білікті мамандармен бақыланған жоқ.
Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерінің жылу желілерінің техникалық жай-күйін жақсарту мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Жылу желілері мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі іс-шаралар осы жұмыстарға есептік жылдық қажеттіліктен емес, қаржы қаражатының болуына қарай жоспарланады. Көптеген қазандықтар бейімделген ғимараттарда орналасқан және техникалық параметрлер бойынша нормативтік талаптарға сәйкес келмейді. Сондай-ақ, электр үрлегіштердің болмауы, бөлме мен душты желдету, қолмен жұмыс режимі және жалақының төмендігі пеш жағушылардыңтапшылығына әкеледі.
Білім беру нысандарының 80% - ға жуығы жылыту маусымы басталғанға дейін жылыту желілеріне ағымдағы жөндеу, уақтылы сынақтар және жуу жүргізбеген.
Көмірдің жоғары құнына қарамастан, білім беру нысандарында көмірдің сапасы төмен және күлі көп түсуі жайлы шағымдар бар.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ. Н. Орынбасаровтың «Шортанды ауданында жылыту маусымының өтуі туралы» баяндамасы назарға алынсын және жылыту маусымына дайындық жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
2. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы «Шортанды Су» ШЖҚ МКК және «Шортанды АА» ШЖҚ МКК бірлесіп «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ұсынылсын:
- Шортанды ауданының барлық меншік нысандарындағы объектілердің жылыту маусымына дайындығының сапасы мен уақтылығын жақсартсын;
- өткен жылыту маусымын қорытындыласын, әлеуметтік сала объектілері мен халықты жылумен қамтамасыз етудегі ақаулардың себептерін анықтап және талдасын;
- көрсетілген объектілерді күзгі-қысқы кезеңде тұрақты және апатсыз жұмысқа дайындау жөнінде шұғыл шаралар қабылдасын және осы үшін қажетті материалдардың жеткізілуін бақылауды қамтамасыз етсін;
- күзгі-қысқы кезеңде отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін іс-шараларды орындауға бағытталған жоспарланатын шығындардың көлемі мен қаржыландыру көздерін айқындасын;
- алдағы күзгі-қысқы кезеңге уақтылы дайындалуы елеулі алаңдаушылық туғызатын білім беру объектілерінің тіршілігін қамтамасыз етудің сыни объектілерін анықтап, осы объектілерді үнемі бақылауда ұстасын;
- күзгі-қысқы кезеңге тұрғын үйлерді, ауданның кенттері мен елді мекендерінің инженерлік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени сала объектілерін, резервтік отынның нормативтік қорларын жинақтай отырып, резервтік отын шаруашылықтарын дайындау жөніндегі белгіленген жұмыстар кешенін аяқтасын;
- білім беру және денсаулық сақтау объектілері үшін электрмен жабдықтау көзінің резервтік жабдығын (ток генераторлары )сатып алу мүмкіндігін көздесін;
- әлеуметтік-мәдени сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жылумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті жылу техникалық жабдықты, оның ішінде резервтік жабдықты жөндеуді, баптауды, техникалық куәландыруды және техникалық диагностикалауды аяқтасын;
-авариялық-техникалық командалардың жұмысын ұйымдастырсын және олардың төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған табельдік құралдармен жасақталуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова