№ 7С-31-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезекті отыз бірінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті  отыз бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданында жылыту маусымының өтуі туралы.           

Баяндамашы: Шортанды ауданы әкімінің орынбасары - Қ.Н. Орынбасаров.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4.  Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/9 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                                        Г. Сәдуақасова

Дата публикации
07 декабря 2022