Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс отызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-18/2 «2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ. Мұнтаева.
2. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Г. Сәдуақасова