№ 7С-29-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Т.А. Сытник.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/2 «Шортанды аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы С.Қ. Әкімжанова. 

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № С-37/3 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырады: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы С.Қ. Әкімжанова. 

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылдың 15 тамыздағы № С-19/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                                      Г. Сәдуақасова

Дата публикации
07 декабря 2022