Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж.Қ. Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 «Шортанды ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова