Шортанды ауданы әкімінің
өзіне жүктелген функциялары мен
міндеттерінің орындалуы туралы есебі
Шортанды ауданының әкімі С.С. Шабаровтың есебін тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат ауданның атқарушы органдарының қызметі халықтың экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді.
Осылайша, есепті кезеңде аудан экономикасын дамытуға шамамен 17,3 млрд. теңге бағытталды, бұл өткен жылғы деңгейден 9,5 млрд.теңгеге жоғары. Ағымдағы жылы жеке инвестицияларға, қаражат ағымының негізгі үлесі «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС кәсіпорны бойынша құрады, онда 2022 жылдың 6 айында инвестициялар шамамен 15,0 млрд.теңгені құрады.
Инвестициялар 2,7 есе өскен құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне оң әсер етеді. 4,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бөлшек сауда тауар айналымы 105,2% - ды құрайды. 502 жаңа жұмыс орны құрылды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсіп, 36,7 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,7 млрд. теңгеге артық. Нақты көлем индексі 177,6% - ды құрады (2021 жылы 90,8% болды).
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 7,4 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 3,7 есе артық. Өңдеу секторының дамуына «Қазақалтын технолоджи» ЖШС алтын өндіру фабрикасы айтарлықтай әсер етуде. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 113,6% - ды құрады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша аудан өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы бойынша 4-ші орында және 5,5% - ды құрады.
Құрылыс саласы үшін одан әрі даму болашағы бар.
Жартыжылдық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102% - ды құрады. Ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,5 млрд.теңгені құрады.
Мынадай көрсеткіштер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің шамалы өсуі байқалады: ет 2,7% - ға, сүт 1% - ға, жұмыртқа 0,1% - ға.
Автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 7 елді мекендегі жолдарды жөндеуге 274,5 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. Жоғары тұрған бюджет қаражаты есебінен Шортанды – Пригородное облыстық маңызы бар жолын жөндеу жалғасуда, оған ағымдағы жылы жоғары тұрған бюджеттерден 1,3 млрд.теңге бөлінді.
Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым мәселелерін шешу өңірді дамыту басымдықтарының қатарында қалып отыр. Дамса, Научный, Степное елді мекендерінің БФС сүзгілерін жөндеуге, Қаражар, Мықтыкөл, Новопервомайское ауылдарының сорғы станцияларын жөндеуге және сорғылар, ысырмалар сатып алуға 45,0 млн.теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен жазғы су құбырын күрделі жөндеуге 30 млн.теңге бөлінді.
Қазандықтарды, инженерлік желілерді, жылумен жабдықтау объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылы Шортанды кентінің қазандықтарын күрделі жөндеуге облыстық бюджет қаражатынан 50 млн.теңге бөлінді. Қазандықтарды жаңғырту қосымша абоненттерді (2 КПТҮ немесе 54 пәтер) орталық жылумен жабдықтау желісіне қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Шортанды кентінің кәріз-сорғы станцияларын күрделі жөндеуге облыстық бюджет қаражатынан 50 млн.теңге бөлінді. Аталған жобаны іске асыру аудан орталығының тұрғындарын үздіксіз су бұрумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (Дзержинский көшесі мен Спортивный тұйық көшесіндегі сорғы станциясы).
Ш.Рахымжанов атындағы Шортанды кентіндегі орталық саябақтың бір бөлігін абаттандыруға ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 70 млн. теңге бөлінді.
Шортанды кенті мен Дамса ауылында 35 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 70 млн.теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданының әкімі С. С. Шабаровтың есебі бекітілсін.
2. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың оң жұмысы атап өтілсін.
3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары шеңберінде мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды тиімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен индикаторларын сақтау және жақсарту;
- әлеуметтік маңызы бар өнімдерге, тауарлар мен дәрілік препараттарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
- халықтың әлеуметтік-осал топтарына (жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға) көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізу;
- есепте белгіленген инфрақұрылым объектілерінің жұмыс жүргізілуін және пайдалануға уақтылы тапсырылуын ерекше бақылауға алу;
- демографиялық және көші-қон процестерін талдау, әлеуметтік-экономикалық даму негізінде білім беру, мәдениет және спорт мекемелерін, су құбыры желілерін және кентішілік, қала аралық, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді көздеу.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова