№ 7С-27-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезекті жиырма жетінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті жиырма жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

 Баяндамашы: Шортанды ауданының әкімі -  С.С. Шабаров.

2. Шортанды ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/7 «Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-18/6 «2022 жылға арналған аудандық мәслихат аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 

5. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту

туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде жұмыс тобының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың  алдын алу жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/9 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

12. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/7 «Шортанды ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

13. Шортанды аудандық мәслихатының  2020 жылғы 9 қазандағы № С-64/4  «Шортанды ауданында төтенше  жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның  дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

14. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                                      Г. Сәдуақасова

Дата публикации
07 декабря 2022