Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселе туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі мәселе енгізілсін:
1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
Баяндамашы: Шортанды ауданының әкімі Б. Б. Малғаждаров.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова