2021 жылға арналған
аудандық бюджеттің атқарылуы
туралы жылдық есепті бекіту туралы
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) «2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап және талқылап, Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдарымен 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізгендігін атап өтті.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2020 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетті. Қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 61 470,7 млн.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 81,1% құрады (2020 жылы – 61 619,6 млн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13 500,6 млн.теңгені (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,1%), құрылыс жұмыстарының көлемі 7 078,4 млн. теңгені (2020 жылға 149,4%), тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар – 1 580,5 млн. теңгені (2020 жылға 173,3%) құрады.
2021 жылға арналған аудандық бюджет аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-70/2 шешімімен бекітілген. Кірістер бойынша түзетілген жоспар 6 296 215,2 мың теңгені, шығыстар бойынша 6 463 353,1 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары жалпы алғанда 104,2% орындалды бюджетке 6 562 933 мың теңге түсті, оның ішінде меншік кірістер 123,3% орындалды, жоспар бойынша 1 150 393,8 мың теңге, 1 417 882,7 мың теңге сомасында түсті немесе жоспар 267 488,9 мың теңгеге асыра орындалды.
Трансферттердің түсімі 100% немесе 5 145 043,7 мың теңгені құрады.
2021 жылы аудандық бюджеттің шығындары 97,2% орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда (7 532 656,9 мың теңге) шығындар, 6 463 353,1 мың теңгені құрады. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындар көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттер бөлінуіне және кіріс бөлігінің ұлғаюына байланысты бастапқы бекітілген (4 827 198 мың теңге) шығыстардан 1 636 155,1 мың теңгеге ұлғайтылды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің «Шортанды ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» назарға алынсын.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «2021 жылға арналған Шортанды ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 296 215,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 122 411 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 12 072,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 910 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 5 145 821,4 мың теңге;
2) шығындар – 6 463 353,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 25 604,2 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 87 510 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 61 905,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 61 045,7 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 61 045,7 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-253 787,8) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 253 787,8 мың теңге.
4. Ұсынылсын:
1) аудандық әкімдікке:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнінде жұмыс жүргізу;
- бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген заң бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау;
2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ:
- бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге назар аударылсын, ағымдағы жылға арналған аудандық бюджетті жоспарлау кезінде және оның орындалуы барысында тексеру комиссиясының ұсынымдары ескерілсін.
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова