Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезекті жиырма төртінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Ақпараттандырады: Шортанды ауданы әкімінің орынбасары - Қ.Н.Орынбасаров.
2. 2021 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы- Ж. Қ.Мұнтаева.
3. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін жоспарлы негізгі мәселені қарауды ауыстыру туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/9 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова