Шортанды ауданының
Егемен ауылын дамыту
және салу схемасын
(бас жоспардың оңайлатылған
нұсқасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-1 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының Егемен ауылын дамыту және салу схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) бекітілсін.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының «Жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________Ә. Ордабаева
2022 жылғы «28» сәуір