№ 7С-22-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезектен тыс жиырма екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ.Мұнтаева.

2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/3 «Nur Otan» партиясы» депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Шортанды ауданының Конкрынка ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасын) бекіту туралы.

7. Шортанды ауданының Қаражар ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасын) бекіту туралы.

8. Шортанды ауданының Мықтыкөл ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасын) бекіту туралы.

9. Шортанды ауданының Гуляй Поле ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасын) бекіту туралы.

10. Шортанды ауданының Егемен ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасын) бекіту туралы.

11. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 тамыздағы № С-29/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.     

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
07 декабря 2022