№ 7С-21-1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

жетінші шақырылымының

кезекті жиырма бірінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті жиырма бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихаты хатшысының аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі.

Баяндамашы: Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы Г. Ә. Сәдуақасова.

2. Шортанды ауданының халқын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

Баяндамашы: «Шортанды аудандық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің м. а. Р. Б. Иманбаева.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж. Қ.Мұнтаева. 

4. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақықорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде жұмыс тобының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының  2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10

«Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

9. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № С-19/3 «1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № С-6/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі № С-17/10  «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек

көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

12. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/7 «Шортанды ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

13. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.  

14. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
07 декабря 2022