Шортанды аудандық
мәслихатының
жетінші шақырылымының
кезектен тыс жиырмасыншы
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2022-2023 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы.
2. Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы.
3. 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № С-24/5 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № С-20/5 «Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
6. Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы.
Ақпараттандырады: Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы С.Н. Ерғалиев.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова