Шортанды ауданы әкімдігінің
жанындағы жер комиссиясының
құрамын және ол туралы ережені
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15 - бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімінің ұсыныстары негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы ереже осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 7С-2/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Г. Сәдуақасова
Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7С-19/9 шешіміне
1 қосымша
Шортанды ауданының жер комиссиясының құрамы
|
Орынбасаров Қабдолла Нұриттенұлы
|
Шортанды ауданы әкімнің орынбасары, комиссияның төрағасы
|
|
Ордабаева Әсел Шахманқызы
|
Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
|
|
Уатаев Қайрат Таңатарұлы
|
Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы
|
|
Сәмбетова Әлия Дәулетқызы
|
Шортанды ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы
|
|
Коркотко Гольмира Хасимовна
|
Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеменің басшысы
|
|
Байсеркеев Ермек Жақсылықұлы
|
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының Шортанды тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы (келісім бойынша)
|
|
Мұхамедьяев Алмаз Есенгедіұлы Зизяк Татьяна Петровна
|
Шортанды аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы Шортанды ауданы филиалының директоры (келісім бойынша)
|
|
Кизаева Төкен Дамекқызы
|
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шортанды аудандық филиалының төрайымы (келісім бойынша)
|
|
Гермес Марина Вальеревна
Сломинский Сергей Викторович
|
Жеке кәсіпкер, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
«Балахты НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Шортанды ауданының кәсіпкелер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі |
|
|
|
|
Гончаренко Дмитрий Петрович
|
«Ұлы Аманат» қоғамдық бірлестігінің директоры
|
|
Мамбет Цэрэг |
Шортанды кентінің әкімі*
|
|
Әуезханов Еркін Үсембайұлы
|
Жолымбет кентінің әкімі* |
|
Ермолов Алексей Юрьевич
|
Андреевка ауылдық округінің әкімі* |
|
Махфуз Асқар
|
Бектау ауылдық округінің әкімі* |
|
Мұқашов Марат Төлегенұлы
|
Раевка ауылдық округінің әкімі* |
|
Әбдірахманова Гүлнәр Жеңісқызы
|
Дамса ауылдық округінің әкімі* |
|
Мардан Рахат
|
Новокубанка ауылдық округінің әкімі*
|
|
Пистрюга Наталья Леонидовна
|
Пригородный ауылдық округінің әкімі* |
|
Шаймұрат Бауыржан |
Бозайғыр ауылдық округінің әкімі* |
|
Ахметов Талғат Нұржанұлы
|
Петровка ауылдық округінің әкімі* |
|
Айтпаева Әсем Жолдыбайқызы
|
Новоселовка ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Абенов Қанат Саттарұлы
|
Раевка ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Лазука Людмила Ивановна
|
Петровк аауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Миханчик Юлия Владимировна
|
Пригородное ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Күшербаева Қарашаш Жұмашқызы
|
Бектау ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Әбдірахманов Жұмабек Сейпелұлы
|
Дамса ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Рерих Людмила Казимировна
|
Андреевка ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Менкенов Амангельды Жарылғасынұлы
|
Жолымбет кентінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Сарымбаева Динара Жұматайқызы
|
Бозайғыр ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Хуанған Жұмабек |
Новокубанка ауылдық округінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)*
|
|
Чугайкина Ольга Алексеевна
|
Шортанды кентінің жергілікті халық өкілі (келісім бойынша)* |
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, жер комиссиясының құрамына қосылады:
1) жер учаскесі аумағында орналасқан кенттің, ауылдық округтің әкімі;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген тиісті кенттің, ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері қатысты.
Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7С-19/9 шешіміне
2 қосымша
Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығына сәйкес әзірленді.
2. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) өз құзыреті шегінде Шортанды ауданының аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2 тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
5. Комиссияның өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің болуы немесе болмауы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық салу туралы, заңды тұлғаларда жарғылық капиталда шетелдіктердің үлесінің болуы немесе болмауы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқығы бар.
3 тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
7. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес айқындалады.
8. Комиссия төрағасы Шортанды ауданы әкімінің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
9. Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
10. Комиссия Төрағасы:
1) отырыстарды шақырады;
2) комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) комиссия жұмысын жоспарлайды;
4) комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
5) төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
11. Комиссия мүшелері:
1) ұсынылған материалдармен танысады;
2) Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді.
12. Комиссия хатшысы:
1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) комиссия отырысын өткізу күні мен орны туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды;
3) отырысты өткізу үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады, Комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын рәсімдейді;
4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
13. Комиссияның жұмыс органы Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері жұмыс органының маманына жүктеледі.
14. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын комиссия төрағасы айқындайды.
15. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, комиссия мүшелерін шақыруды, комиссия қорытындыларының жобаларын дайындауды және басқа да қажетті іс-шараларды жұмыс органы қамтамасыз етеді.
16. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады
Комиссия мүшесі, егер ол комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде егер ол адам, жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, бала асырап алушысы, асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі, атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі, ата-анасы және жұбайының (зайыбының) баласы) болып табылса өздігінен бас тартатынын мәлімдейді,
17. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырғандардың жалпы санының жер комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады және егер оған жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
18. Комиссия отырысы аудио -, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
19. Комиссияның қорытындысы жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты комиссияға берген немесе жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде) кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
Жұмыс органы комиссияның хаттамалық шешімдерін ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
20. Комиссия қорытындысының бір данасы қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдердің бірімен өтініш берушіге (оның өкіліне) тапсырылады (жіберіледі) :
қолма-қол;
тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында;
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы бойынша.
21. Өтініш беруші Комиссияның хаттамалық шешіміне оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
4 тарау. Қорытынды ережелер
21. Өтініш беруші комиссияның хаттамалық шешіміне оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
22. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету Шортанды ауданы әкімнің аппаратына жүктеледі.