Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5
«Шортанды аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының
тұрақты комиссияларын құру туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының тұрақты комиссияларын құру туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының келесі тұрақты комиссиялары құрылсын:
1) құрамында 5 депутат бар депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөнінде тұрақты комиссия;
2) құрамында 5 депутат бар бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөнінде тұрақты комиссия.».
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Сәдуақасова