№ 7С-19-4 шешім (Шортанды аудандық мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқаруды анықтау туралы)

Шортанды аудандық

мәслихат хатшысының

уақытша міндетін атқаруды

анықтау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына және мәслихаттың 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Үлгі  регламентіне сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін жетінші шақырылымның соңына дейін бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Горкушева Галина Ивановнамен уақытша жүзеге асырылады.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың хатшысы                                   Г. Сәдуақасова

Дата публикации
01 декабря 2022